Түркістан облысында спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды. Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметті Қырқбаев Полат Наурызбайұлы атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полат Наурызбайұлы 1961 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ химико-технология институты дене шынықтыру кафедрасында оқытушы болып бастаған.

1986-2015 жылдар аралығында «Қайрат» және Арыс ауданы балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің оқытушы-жаттықтырушы, облыстық Олимпиада резерві балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры, Ордабасы ауданы Бөген ауыл округінің әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві мектебінің директоры болып қызметтер атқарған.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Бекзат Саттарханов атындағы облыстық дарынды балалардың спорт мектеп-интернатының директоры болып қызмет атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар