Түркістан облысында Созақ ауданының 90 жылдығы тойланып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Созақ ауданының 90 жылдығына орай «Созақ-жыр, Созақ-сөз, Созақ-өнер» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Айтулы жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Созақ өңірінің қазақ тарихындағы рөліне тоқталып, өңір тұрғындарын аудан мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әр өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттер бар. Оның бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Түркістан облысында да қасиетті жерлер көп. Соның бірі де бірегейі, әулиелі, киелі, шертпе күйдің отаны - Созақ ауданы. Бүгінгі атап өткен мерейлі той - жаңа жетістіктің, теріскейдегі тың табыстардың бастауы болсын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.null

Ғылыми жиында 1985-1991 жылдары Созақ аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Досыбай Шерімқұлов, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Созақ ауданында тұңғыш әкім болып қызмет атқарған Ә.Омбаев, 1994-1999 жылдары Созақ ауданын басқарған Қуаныш Айтаханов сынды азаматтар құттықтау сөздерін арнап, өңір тарихынан сыр шертті.null

 null  

Соңғы жаңалықтар