Түркістан облысында «Smart-мектеп» жобасы қолға алынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы 3 бірдей оқу орнында «Smart-мектеп» жобасын енгізуді қолға алды. Аталған жоба мектептердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мен оқу ордаларындағы жүйелерді автоматтандыру мақсатында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба аясында Түркістандағы №10 Әл-Фараби атындағы және №13 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектептері, №31 Бастауыш мектеп және №27 IT-лицей мектебіне жаңа құрылғылар қойылды. Атап айтқанда, оқушылардың кіруін бақылау үшін турникеттер мен электронды құлыптар, бейнебақылаулар орнатылған. Бұдан өзге, алдағы уақытта мектептерге енгізілетін шкаф-локерлер - мектептің қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқушыларға карта не білезіктер тарқату жоспарлануда. Олар – оқушылардың келіп-кетуін электронды есебін жүргізуге мүмкіндік бермек. Ата-аналар сайтта отырып-ақ балаларының мектепке кіріп-шыққан уақытын көре алады. Осы сервистерді қосылған жағдайда SMS-хабарлама да жіберіледі. Аталған мектептерге қазіргі таңда оқушылардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында техникалық пәндерді оқытуға арналған «Stem Panel» жүйесі орнатылып, мектеп мұғалімдеріне және Түркістан қалалық барлық мектеп директорларына панелдердің фукционалдық артықшылықтарымен таныстыру үшін арнайы семинарлар өткізілген. Басқарманының бастамасымен Түркістан қаласындағы №13 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектепке «InCraft» ЖШС-ң демеушілігімен IT-сынып ашылды. Онда оқушылар ең үздік әдістемелер бойынша бағдарламауды тереңдетіп үйренуге мүмкіндік алды. Жоба - техникалық және инженерлік мамандықтарға оқушылардың қызығушылығын арттырмақ. Айта кетерлігі, пилоттық жобада, метептердің қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы 8 мектеп, Арыс қаласындағы 5 мектеп бейне-камералармен жабдықталған. Қазіргі таңда жергілікті полиция пунктеріне интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта облыстағы барлық мектептерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бейне-камераламен қамту жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар