+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістан облысында СК-Фармацияның өңірлік қоймасына тексеру жұмыстары жүргізілді

2020 жылғы 14 шілде 13:15
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында СК-Фармацияның өңірлік қоймасына тексеру жұмыстары жүргізілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі күні Түркістан облысының аумағында халықтың денсаулығын нығайту және эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарына 15 542 910 теңге айыппұл салынды Атырауда балалардың иммунитетін көтеру жөнінде емханаларға тапсырма берілді Карантинді созу туралы шешім өзін-өзі ақтады  – Азат Перуашев

Осы бағытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастаған жедел жұмысшы топ «СК-Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы дәрілік заттар сақтайтын қоймасына арнайы барып, сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мониторингтік жұмысшы топтың қойманың жұмысымен танысу барысында дәрі-дәрмектер облысқа қарасты Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Бәйдібек, Келес, Қазығұрт, Жетісай, Мақтарал, Отырар, Сарыағаш, Созақ, Шардара аудандарындағы емханалар мен ауруханаларға дер кезінде жеткізіліп отыратыны анықталды. Бұл қоймаға дәрі-дәрмек қоры негізінен «СҚ-Фармация» арқылы толықтырылып отыратыны және қоймадағы дәрі-дәрмектер бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік емханалар мен ауруханаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде таратылатыны белгілі болды.

Жүргізілген мониторинг барысында Хаким Дүйсешұлы вирусқа қарсы аса қажетті дәрілік заттардың емдеу орындарына дер кезінде жеткізілуінде ешбір кедергі болмау керектігін ескертті.

Айта кетейік, 11 шілде күні түркістандық дәріханаларға Алматы қаласынан аса қажетті дәрі-дәрмектердің 136 түрі жеткізілген болатын. Сондай-ақ, Өзбекстаннан 142 мың қорап дәрі-дәрмек жеткізіліп, мемлекеттік емханалар мен ауруханаларда емделіп жатқан науқастарға таратылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT