Түркістан облысында Шығыс шеңбері атты жаңа туристік маршрут әзірленіп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Шығыс шеңбері» атты жаңа туристік маршрут әзірленіп жатыр. Жобаның негізгі мақсаты - тарихи орындар мен киелі жерлерді қайта жаңғырту, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында Түркістанға келген саяхатшылар қала маңында ғана емес, облыс бойынша тарихи орындарды аралап тамашалайтын болады. Сонымен қатар, аталған жобаның арқасында туристік маршрут бойындағы елді мекен тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік туады.

Әзірге маршруттың үш нүктесі белгілі. Оған Созақ ауданындағы Қаратаудың Келіншек тау жотасында орналасқан арпа өзен таңбалы тастары енген. Онда 3500-ден астам тасқа басылған тарихи суреттер бар. Бүгінде бұл петроглифтерді ЮНЕСКО тізіміне ендіру жұмыстары жүріп жатыр. Одан кейін маршрут тізіміне Баба ата ауылындағы Ысқақ баб кесенесі мен Құмкент ауылындағы Баба түкті шашты әзиз мазары енген.

Қос нысанның да тарихи терең. Мәселен, Баба ата ауылында І-ІІІ ғасырға тиеселі ғибадатхананың орны табылған. Мұнда алдағы уақытта қазба жұмыстары жүргізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар