Түркістан облысында шоколад өндіретін цех іске қосылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында бірқатар нысандар игілігіне берілді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған топ, ең алдымен, ондағы Бірінші Мамыр ауылынан ашылған «Балмұздақ» ЖШС-нің шоколадты глазурь және шоколад өндейтін цехында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба құны - 800 млн теңге. Кәсіпорында жылына 1100 тонна шоколадты глазурь мен шоколад өнімдері өндіріледі деп күтілуде.

Негізінен, «Балмұздақ» ЖШС 2017 жылы құны 2,5 млрд теңге болатын 3200 тонна балмұздақ өнімдерін өндірген. Ал былтыр Өзбекстанға 6,1 млн теңгеге 8700 кг балмұздақ экспорттады. Кәсіпорын бүгінгі күні балмұздақтың 80-нен астам түрін шығарады. Кәсіпорын құны 220 млн теңге тұратын балмұздақ өндіретін қазіргі заманғы құрал-жабдықпен жабдықталған.
null null

«Балмұздақ» ЖШС-нің өнімдері тек қана Түркістан облысында ғана емес, республикамыздың солтүстігінде, Алматы, Астана, Ақтау, Тараз қалаларында да үлкен сұранысқа ие.

null

Өндіріс орнының жұмысымен жіті танысқан облыс әкімі кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеп, отандық өнімді өндіріп, ел тұрғындарын сапалы өніммен қамтуда аянбай еңбек ете беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіп иелеріне мемлекет тарапынан қашанда тиісті қолдау болатынын тағы бір еске салып, азаматтың ісі көпке үлгі болуы керектігін айтты.

Өз кезегінде, облыс басшысы зауыт жетекшілігіне жаңадан құрылған Түркістан облысының атын шығарып, жер-жаһанға таныту үшін «Түркістан» брендімен шоколад түрін шығаруды ұсынды. Осынау ұсынысты қолдаған кəсіпорын ұжымы тез арада аталған идеяны жүзеге асыруды қолға алатынын жеткізді.
null

Бүгінде Төлеби ауданындағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8 211 болса, оның 7594-і - белсенді жұмыс істеп жүрген азаматтар. Соның арқасында мұндағы өнеркәсіп саласында былтыр жалпы 32 млрд 166,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда 27,3 пайызға артты. Кіші және орта бизнесті дамыту үшін аудан бойынша жалпы қаржыландыру көздерінен 12 238 азаматқа 6 млрд 727 млн теңгеге несие беріліп, 2017 жылмен салыстырғанда 18 пайызға көбейген.

null

Соңғы жаңалықтар