Түркістан облысында сазан өсіру қарқын алды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында сазан балығын өсіріу ісі қарқын алып келеді. Өңірдің Ордабасы ауданында шаруалар 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана балықты суға жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер Амантай Мәулен осылайша өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат. Ол болашақта бұл мекенді үлкен демалыс аймағына айналдырмақшы. Аталған ауданда мұнан бөлек мал бордақылайтын 150 алаң жұмысын бастап, жанұялық 22 сүт фермасы іске қосылды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің бірі 25 мың басқа арналған құс фермасын салып, жұмысын жүргізіп келеді.

Осындай ілкімді істердің арқасында Ордабасы ауданында 2018 жылдың 5 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 9 млрд 154 млн. 500 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд 109 млн. 200 мың теңгеге артты. Ауыл шаруашылығы дақылдарының 55 300 га егістік жерлерді игеру жоспары 102 пайызға орындалып, 56 553 гектарды құрады. Сол сияқты суармалы жер жыл басынан бері 725 гектарға ұлғайтылды. 7 гектар жерде жылыжай іске қосылып, 541 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілді.

Қарқынды бау шаруашылығын дамыту үшін 60 гектарға жүзім, 40 гектарға жаңғақ егу жоспарланды. Бұл бағытта, бүгінгі таңда 34 га бау, 5 га жүзім көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, Бөржар ауылдық округінде 20 га жерге жеміс пен жаңғақ көшеттері, 10 га жерге жеміс көшеттері егілді.

Сондай-ақ «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 333 ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасы арөылы 1268 уақ мал, «Құлан» бағдарламасы арқылы 361 жылқы алынды.

Терең қопсыту әдісін қолдану бағытында 9500 га жерді өңдеу жоспарланған. Бұл бағытта 11 соқа алынып, 9807 га жерге терең қопсыту әдісі енгізілді.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша қосымша 39 техника алынды.

Соңғы жаңалықтар