Түркістан облысында сайлаушылардың 64 пайыздан астамы дауыс берген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында күндізгі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 64 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл туралы арнайы өткен брифинг барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия төрағасының сөзінше, сайлау барысында 168 605 адам дауыс берген. Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 488 (72%), Кентау қаласында – 5 755 (68%), Бәйдібек ауданында – 2 562 (65%), Жетісай ауданында – 17 329 (64 %), Қазығұрт ауданында – 12 189 (61%), Келес ауданында – 20 498 (67%), Мақтаарал ауданында – 10 793 (64 %), Ордабасы ауданында – 4 705 (63%), Отырар ауданында – 8 350 (65%), Сайрам ауданында – 10 874 (67%), Сарыағаш ауданында – 33 609 (63%), Сауран ауданында – 6 160 (76%), Созақ ауданында – 10 070 (58%), Төлеби ауданында – 12 119 (55%), Түлкібас ауданында – 5 215 (60%), Шардара ауданында – 889 (70%) азамат дауыс беруге қатысқан. Жалпы 60 ауылдық округте үміткуерлердің саны 166 адамды құрайды. Яғни, кейбір ауылдарда бір орынға төрт үміткерге дейін ұсынылып отыр. Ал, сайлау барысында өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеген. Тек Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі бойынша бір азаматтан арыз келіп түскен. Бірақ заңбұзушылық әрекет дәлелін таппады.

«Бір сайлаушы екі адамға дауыс берді деп арыз беріпті. Біз ол факті бойынша тексеру ұйымдастырдық. Ол жалған арандатушы арыз болып шықты. Заңбұзушылық жоқ. Одан бөлек бізге арыз-шағымдар келіп түскен жоқ»,- дейді Әлібек Өмірәлиев.


Соңғы жаңалықтар