Түркістан облысында сайлау учаскесіне кимешекпен келген әжелер тәттіден шашу шашты

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында сайлау учаскесіне кимешекпен келген әжелер түрлі тәттілерден шашу шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кентау қаласындағы әжелер алқасының мүшелері сайлау учаскесіне кимешекпен келді.

Ұлттық киімде өз таңдауын жасаған олар көпшілікті сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Кентау қаласының халқы сайлауға белсенді қатысып жатқанына куә болып отырмыз. Біз де №899 және №37 сайлау учаскесінде дауыс бердік. Себебі, елдің болашағына әрбіріміз жауаптымыз», - дейді әжелер алқасының төрайымы Роза Жұмабаева.

Сайрам ауданында да ұлттық киім киген әжелер сайлау учаскесіне келіп, түрлі тәттілерден шашу шашты.

Кейіннен дауыс беріп, өз таңдауын жасады.


Фото: facebook.com/people/Түркістан-Өңірлік-Коммуникация-Қызметі

Соңғы жаңалықтар