Түркістан облысында сайлау күні 86 сәби дүниеге келді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Сайлау күнінде Түркістан облысы бойынша 86 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, барлығы 85 ана босанып, 86 нәресте дүние есігін ашқан. 52 ер бала, 34 қыз, оның ішінде 1 егіз дүниеге келді.

«Бүгінде аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы»- делінген Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан алдын Шығыс Қазақстанда сайлау күні 20-ға жуық нәресте дүниеге келгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар