Түркістан облысында салынатын күкірт зауытың құрылысы қашан басталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Мұқанов Түркістан облысында бой көтеретін күкірт қышқылын өндіретін зауыттың құрылысы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жоба қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме деңгейінде тұр. Біз осы жылдың ортасында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Құрылыс келер жылдың ортасында басталуы мүмкін. Жалпы, бұл жобаны 2025 жылдың соңына дейін аяқтап, 2026 жылы толық өндірістік қуатта жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз», - деді Ержан Мұқанов БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, зауыт 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы болады.

«Осы зауыт іске қосылғанда 500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Республикалық бюджетке түсетін төлемдер 4 млрд теңге деңгейіне жетеді. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу аяқталып қалды. Оның ықтимал құны осы негіздемеден кейін белгілі болады. Біз жұмысқа жеке инвесторды тартуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта инвестордың Қазақстаннан немесе шетелден болатыны анықталмады. Дегенмен зауыт өз қаражатымыз есебінен салынбайды», - деп түйіндеді Ержан Мұқанов.


Соңғы жаңалықтар