Түркістан облысында «Сақшы» жобасы басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 коронавирус инфекциясының облыста таралмауының алдын-алу мақсатында Түркістан облысында түрлі деңгейдегі шаралар атқарылуда. Осы орайда, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар мен адам көп жиналатын қоғамдық орындардың жұмыс режимі өзгеріп, шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыс орталығы Түркістан қаласында «Сақшы» арнайы жобасы басталып, рейд жүргізілуде. Түркістан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері мен олардың қоғамдық көмекшілері қала аумағында дәмхана, мейрамхана мен дүкендерді аралады. Қоғамдағы ахуалды қатаң бақылауға алған азаматтар шара барысында қауіпсіздіктің қатаң сақталуын, нысандарға кірер есіктерде антисептикалық құралдардың болуын тексерді.

Қоғамдық көмекшілер төтенше жағдай талаптарын сақтау жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, барлық кәсіпкерлік нысандардың жұмыс режимі бақылауда болады.

Атап өтейік, ҚР барлық аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысында қауіпсіздікті сақтау мақсатында барлық жергілікті атқарушы және құзырлы органдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдай режимінің сақталуы бойынша бірқатар шаралар атқарылып, 13 нысан иесі және 2 азамат үйінде той жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Жалпы, облыс бойынша 300-ге жуық азамат полиция көмекшісі болып еңбек етуде.


Соңғы жаңалықтар