Түркістан облысында республикалық «Ой дода» интеллектуалды сайысы өтті
2021 жылғы 27 желтоқсан 18:43

Түркістан облысында республикалық «Ой дода» интеллектуалды сайысы өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Келес ауданында республикалық «Ой дода» интеллектуалды сайысы өтті. Кезекті рет ұйымдастырылған білім сайысына Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысының барлық аудан- қалаларынан жиналған 39 топ қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Интеллектуалдық сайыс биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығының» құрылғанына 10 жыл толуына арналды. Еліміздің білімді жастарының басын қосқан шарада аудан әкімі Ақментай Есбаев пен мәслихат хатшысы Арын Орынбекұлы, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерасыл Әшірбайұлы сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Өте тартысты өткен сайыс қортындысымен үшінші орынды Түркістан облысының құрамасы, яғни, «Key To Life» командасы иеленді. Ал, екінші орынды Сайрам ауданының «Эрудит» командасы еншіледі. Бірінші орынды Алматы қаласының «Әл-Фараби» командасы жеңіп алды. Барлық командаларға аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды. «Үздік ойыншы», «Үздік капитан», «Үздік жауап» номинациялары бойынша да үздіктер марапатталды.


Jańalyqtar

MURAǴAT