Түркістан облысында республикалық маңызы бар жолдар күрделі жөндеуден өтуде

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар жолдар күрделі жөндеуден өтуде. Қазір Келес ауданы арқылы өтетін «Жызақ-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолының 31 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының тапсырысымен жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың мамыр айынан мердігер мекеме асфальт төсеуде.

Қазан айының соңында пайдалануға берілуі тиіс жолды аталған аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы барып көрді. Ол жауапты тұлғалармен бірге жұмыс барысын бақылауда. Қазір жүргізушілер облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай –Шардара» айналма жолымен өтуде. Ауданда сондай-ақ, Абай ауылындағы ішкі көшелердің басым бөлігін орта жөндеуден өткізу жоспарланған. Әзірге 23 көшенің сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық қаржы басқармасы тарапынан тиісті қаржы қаралып жатыр. Атап айтқанда А.Мамытбекұлы мен Д. Қонаев көшелеріне асфальт төселіп, жарық шамдар мен суағар орнату жоспарланды. Ал, Т. Рысқұлов көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдың басым көпшілік көшелеріне тас төселмек.

Бүгінгі таңда ауыл аумағындағы Жамбыл, Асан қайғы, Б.Қырғызалиев, Т.Рысқұлов, Д.Қонаев, Ә.Сатбаев көшелері бойларына жол бөлу сызықтары сызылып, бірқатар көшелердің білім беру мен әлеуметтік мекемелері орналасқан тұстарына тиісті жол белгілері орнатылды.

Соңғы жаңалықтар