Түркістан облысында провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есеге азайған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында індетке қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Өңірде инфекциялық төсек орындар саны 440 болса, бүгінде оның саны 225-ке қысқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 1941 провизорлық төсек орынның 931-і қысқарған. Бүгінде аймақтағы аудан-қалаларда 1010 төсек орын қалып отыр. Бұл Түркістан облысында ауыр індеттен жазылып шыққан науқастардың азайғанын көрсетеді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 30 наурызынан бастап 6 тамыз аралығында COVID-19 расталған науқастар саны 2902-ні құрайды. Өңір басшысының дер кездегі шешімі мен дәрігерлердің ерен еңбектерінің арқасында науқастардың 81,2 пайызы жазылып шыққан. Яғни, 2355 науқас бүгінде дертінен толық айығып отыр. Ал, ауруханадан үйіне шығарылған науқастардың ішінде сиптомсыз жағдайдағы 1563 адам толық сауыққан.


Соңғы жаңалықтар