Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Түркістан облысында прокуратура айыппұл өндіруді қадағалауды күшейтті

2019 жылғы 11 қаңтар 22:43 752
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында прокуратура айыппұл өндіруді қадағалауды күшейтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында прокуратураның іс-шаралары нәтижесінде әкімшілік айыппұлын төлемегендерден мемлекет кірісіне 71 млн теңгеден астам қаржы өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Облыстық прокуратураның жүргізген талдауы өткен жылы әкімшілік айыппұлдың өндірілу деңгейі төмендегенін көрсеткен. Бұл сот орындаушыларының мәжбүрлеп өндіру шараларын уақтылы әрі пәрменді жүргізбейтінін айғақтаған.

Аталған кемшілікті жою мақсатында өткен жылы облыс прокуратурасы уәкілетті органдарды үйлестіру арқылы айыппұлды қасақана төлемеушілердің лицензиялары мен жүргізу куәліктерін, мүліктерін анықтауға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастырған.

Одан бөлек, әкімшілік айыппұлды өрескел төлемеген автокөлік иелерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, әрбір пәтер мен үй иелеріне айыппұлды төлеу қажеттігін түсіндірген.

Анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты 31 наразылық пен 71 ұсыныс енгізіліп, тәртіптік жауапкершілікке 39 қызметкер тартылған. Тағы 6 тұлға әкімшілік жазаға тартылып, 7 мыңнан астам құжат прокурорлық шаралармен орындалған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT