Түркістан облысында пошташы зейнеткерлердің ақшасын қалтасына басқан

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Қазпошта» қызметкері зейнеткерлердің ақшасын иемденіп кеткен. Тергеу барысында күдіктінің үш қарт кісіге шығын келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД мәліметінше, ақшасын ала алмай жүрген зейнеткерлер полицияға арызданған.

«Жәбірленушілер зейнетақысын «Қазпошта» қызметкері арқылы өз үйлерінен алып отырған. Өткен жылдың желтоқсан айында пошта қызметкері қарт кісілердің 250 мың теңге көлемінде зейнетақысын иемденіп кеткен. Ол жаратып қойған ақшаны қайтаруға уәде бергенімен, сөзінде тұрмаған» делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») негізінде іс қозғалды. Қазір ақша жаратып қойған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар