+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Түркістан облысында пошта қызметкері 3,8 млн теңгені алып, қашып кеткен

2018 жылғы 7 желтоқсан 10:40
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында пошта қызметкері 3,8 млн теңгені алып, қашып кеткен

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында пошта қызметкері ірі көлемдегі ақшаны заңсыз иемденіп, қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«29 қараша күні Отырар аудандық полиция бөліміне пошталардың бірінен қатынас хат келіп түскен. Онда мекеменің бір қызметкері бөтеннің ақшасын заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалағаны айтылған. Аталған жайт Отырар полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қызметкерлерден құралған жедел тергеу тобы оқиға орнына келіп, мекеме қызметкерінің жалақыға бөлінген 3 800 000 теңге ақшаны алып кеткенін анықтады» делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Тараз қаласынан ұсталды. Тергеп-тексеру барысында айғақ зат ретінде ұрланған ақшаның бір бөлігі, яғни 1 миллион теңгесі тәркіленді. Қалған ақшаны ол өз қажетіне жаратып жіберген. Күдіктіден қолхат алынып, үйіне жіберілген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT