Түркістан облысында полициядан қашқан көлік апатқа ұшырады

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ.ҚазАқпарат- «ВАЗ-21214» маркалы көлікті басқарған жасы кәмелетке толмаған бала жеңіл дәрежелі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізуші бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай, қарсы бағыттағы көліктерді басып озып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жол ережесін бұзған ол полицейлердің «автокөлікті тоқтат!» деген ескертуін елемеген. Алайда, көлікті қатты жылдамдықпен басқарған күйде темір қоршауға соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алды.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше «ВАЗ-21214» маркалы автокөлігі Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің біріне тиесілі болған. Оны жасөспірімнің әкесі жұмыс орнындағы автотұраққа қойған. Ал, ұлы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Бүгінгі таңда ҚР ҚК 200-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар