Түркістан облысында полиция өз балаларын ұрып-соққан ер адамды ұстады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері өз балаларын ұрып-соққан ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Полиия департаментіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, полицейлер 4-қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны анықтады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі «Азаптау» бойынша тіркелді.

Сол күні күдіктінің әйелі жұбайының өз балаларын ұрып-соққаны туралы полицияғы арызданған. Полицейлер жергілікті жұмыссыз тұрғынды тез арада ұстады. Ерлі-зайыптылардың 2011 жылдан бері некеде тұрғаны анықталды. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Бұған дейін әйел 2018 жылы полицияға күйеуін ұрып-соғу туралы ауызша айтқан, бірақ өтініш беруден бас тартқан.

2019 жылдың сәуірінде ол тағы да полицияға дене жарақатын салу дерегі бойынша жүгінген. Алайда, әкімшілік өндіріс әйел күйеуін кешіргендіктен медиация арқылы тоқтатылды. Содан кейін жұбайы қайтадан жауапкершіліктен құтылды.

«Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар