Түркістан облысында полицейлер зейнеткердің ұрланған ақшасын тауып берді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полицейлер зейнеткердің ұрланған ақшасын тауып берді. Белгісіз біреулер қарияның үйіне кіріп, сеніміне ие болу арқылы ақшаларын күшпен тартып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қылмыс наурыз айында Сайрам ауданының орталығында болған.

«Ақсукент ауылының егде жастағы тұрғыны тонау жайты бойынша Сайрам аудандық полиция бөліміне арызданған. Қылмысты ашу үшін полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыскерді іздеу шаралары жүргізілген. Полицейлер күдіктіні бір тәулік ішінде қолға түсірді. Ол бұрын алаяқтық әрекеті бойынша, жауапқа тартылған Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда тонау жайты бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

Тергеушілер ұсталған сезіктінің тағы да басқа осы сияқты қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Ал, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған ақшалар заңды иесіне тапсырылды. 88 жастағы зейнеткер Сайрам АПБ-ның жеке құрамына және учаскелік инспекторына қылмысты ашу барысында кәсібилік пен жеделділік танытқандары үшін алғысын айтты.

Соңғы жаңалықтар