Түркістан облысында полицей суға батқан бойжеткенді құтқарып қалды

None
None
ШӘУІЛДІР. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Отырар ауданында өзіне қол салмақ болған бойжеткен құтқарылды. Ол үлкен каналдың көпірінен суға секіріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келеңсіз жағдай Отырар ауданында орын алған. Бойжеткеннің суға секірмек болған әрекетін көрген белгісіз адамдар бірден полицияға хабар береді. Оқиға орнына жеткен полиция аға сержанты Рақымжан Ниязбекұлы ештеңеге қарамастан суға сүңгіп кетеді. Шапшаңдық танытып, су түбіне батып бара жатқан бойжеткенді құтқарып қалады. Біраз уақыт сумен арпалысып жүріп, су жұтып қойған қызды шығарып алған. Ол жедел жәрдемнің көмегімен бірден ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөліміне түскен қыз емделіп, біршама күннен кейін аман-есен үйіне шығарылған. Қазіргі уақытта отбасымен бірге.

Өз кезегінде өрімдей қызды ажалдан аман алып қалу үшін өз өмірін қатерге тіккен полицейге бойжеткен мен оның отбасы алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар