+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістан облысында пластик бөтелкелерден тоқыма талшықтары жасалатын болады

2018 жылғы 23 тамыз 08:11
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында пластик бөтелкелерден тоқыма талшықтары жасалатын болады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полиэтилентерефталатты (ПЭТ бөтелке) қайта өңдеу және штапельдік талшық шығару зауытының құрылысы аяқталды. Зауыт толықтай іске қосылған кезде 250-ден астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат invest.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Жобаны іске асырудың инвесторлары - қазақстандық GreenTechnology Industries компаниясы мен Hong Kong General Industry And Commerce Co Ltd (ҚХР) шетелдік серіктес компаниясы.

Қазіргі таңда зауытта ПЭТ қалдықтарды жуу, кептіру және бөлшектеу бойынша өндірістің бірінші кезеңі іске қосылды - 73 адам жұмыс істеп жүр. Бүгінде компания келесі кезең - штапельдік талшық шығаруды ұйымдастыруды қолға алды.

Ресми статистика бойынша, жыл сайын Қазақстанда 5-6 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) жиналады, оның шамамен 150-200 мың тоннасын ПЭТ қалдықтар құрайды. Сонымен қатар, ҚТҚ-ның тек 3-5% қайта өңделеді немесе кәдеге жаратылады.

«Аталған жоба Қазақстанда алғаш рет ПЭТ қалдықтар дайын өнім - штапельдік талшық шығаруға жұмсалатындығымен бірегей. Синтетикалық талшықтың бұл түрі мыжылмайды, күйіп кетпейді және көп уақыт бойы беріктігін сақтайды, гипоаллергенді қасиетке ие. Одан жасалған заттар қолмен ұстаған кезде жағымды, оңай жуылады. Сондай-ақ, өнім құрылыс қоспаларында қолданылатын болады, осылайша құрылыс жұмыстарының сапасын жақсартуға жол ашады», - деді GreenTechnology Industries атқарушы директоры Клара Әбдірахманова.

Бұдан өзге, полиэфирлік талшықтардан 3D принтерде басып шығаруға пайдаланылатын филаментке арналған (1,75 немесе 3 мм пластмасса жіп) материал жасауға болады.

Жобаның жалпы құны - $20 млн. Жыл сайын зауытта 50 мың тонна дайын өнім шығарылады деп жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT