Түркістан облысында пәтерлерді тонаумен айналысқан күдікті ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында пәтерлерді тонаумен айналысқан күдікті ұсталды. Тергеу кезінде сезіктінің 10 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, пәтер тонаушы қылмысын Жетісай ауданында жасап жүрген. Күдіктіні ұстауға жергілікті тұрғынның аудандық полиция бөліміне арыздануы себеп болған. Ол тәртіп сақшыларына үйіне түнгі уақытта белгісіз біреулер терезе арқылы кіріп, шамамен 2 миллионға жуық теңгесі мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Артынша Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті көп ұзамай-ақ ұсталды. Ол облыс тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар