Түркістан облысында пәтер ұрлығымен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында пәтер ұрлығымен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды. Полицейлер күдіктілердің екі ұрлыққа қатысы барлығын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар алғашқы қылмыстарын Ордабасы ауданында жасаған. Онда жергілікті тұрғынның үйіне барып, құны 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ал, екінші рет тағы бір үйді тонаған. Ерлі-зайыптылар жәбірленушінің үйіне барып, алаяқтық жасайды. Сезіктінің әйелі үй иесінің көңілін аулап тұрғанда, күйеуі бағалы заттар мен ақшаларды жымқырған. Осылайша жәбірленушіге шамамен 150 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.

«Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда» делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар