Түркістан облысында «Палау орталығы» жанып кетті

None
None
  ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Палау орталығы» жанып кетті. Төтенше жағдай Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне дәмхананың өртеніп жатқаны туралы хабар таңғы сағат 5:58 шамасында түскен.

«Өрт сөндіру қызметіне Жібек жолы көшесінің бойындағы «Палау орталығынан» өрт шыққаны туралы хабар жеткен. Онда дәмхананың шатыры мен жазғы тапшандары өртеніп жатқаны туралы айтылған. Оқиға орнына 20 сөндіруші мен 3 техника шықты. Жалын 6:34-те ауыздықталып, 7:28-де толықтай сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ 236 шаршы метрді құраған. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Жалынның қайдан шыққаны анықталып жатыр» делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.


nullnull

 

Соңғы жаңалықтар