Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 9 күн бұрын өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүлдіршіннің денесі оқиға болған аймақтан 10 шақырым жерде, өзен бойынан табылған. Жергілікті тұрғындар қыздың денесін судан алып шыққан.

Оқиға орнына Түркістан облысының және Шымкент қаласының ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері барды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 17 наурыз күні сағат 17:00 шамасында үлкендердің қарауынсыз Арыс өзеніне ойнауға барған 4 жастағы бүлдіршінді су ағызып әкеткен болатын. Содан бері іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келді.

Соңғы жаңалықтар