Түркістан облысында ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар бала табылды

None
None
ОТЫРАР. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жоғалған 4 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырар ауданы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген.

Ол өзінің 4 жасар ұлының үй ауласында ойнап жүріп, шығып кеткенін айтқан.

Хабарды алған Отырар ауданы ПБ жергілікті полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары полиция лейтенанты Қуаныш Сәтпаев пен полиция аға сержанты Ербол Әмірқұлұлы және учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жасұлан Пірімжанов жоғалған баланы іздеуге бірден кірісті.

Тәртіп сақшылары жан-жақты түгел шолып шығып, жасөспірім баланың жүруі мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді.

Полиция қызметкерлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде 4 жасар бала көрші көшеде ойнап жүрген жерінен табылды.

Өз кезегінде отырарлық сақшылардың жеделдігіне риза болған әкесі өз алғысын жеткізді.

«Полиция қызметкерлеріне рақмет. Небары 30 минуттың ішінде жоғалған баламды тауып берді. Істеріңіз алға баса берсін», - деп шынайы ризашылығын білдірді.

Осы тұста Түркістан облысының полицейлері ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырады.

Жасөспірімдерді үйде жалғыз қалдырмау керектігін ескертеді.

Сонымен қатар баланың тілі шыға салысымен аты-жөнін жаттатып, тұрғылықты мекенжайын үйретуге кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар