Түркістан облысында өткен жылы 64 мыңға жуық бала дүниеге келген

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат-Табалдырықтан аттаған жылдың алғашқы түнінде Түркістан облысында 59 сәби дүние есігін ашты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барыс жылы дүниеге келгендердің 28-і ұл, 31-і — қыз бала.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы.
Мереке күні кезекші ауысымда нәресте мен анаға күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.
Сонымен қатар, жедел жәрдем мен алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының бригадалары да күні-түні кезекшілік қызметті атқарып жатыр.
Жалпы, Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша республикада көшбасшылар қатарында.
2021 жылы облыста 64 мыңға жуық бала дүниеге келген. Олардың арасында 631 егіз, 12 үшем бар.

Еске салсақ, елордада Жаңа жылда 16 сәби дүниеге келді.



Соңғы жаңалықтар