Түркістан облысында өткен «Адалдық сағатына» 40 мыңға тарта жас буын қатысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан өңірлік департаментінің ұйымдастыруымен бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өтті.

Жаппай бірыңғай сағатқа 903 білім мекемелерінен 40 мыңға жуық жас буын қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адалдық сағаты» өскелең жас ұрпақтың өн бойына парасаттылық пен әділдікті, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Игі бастамада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінде» дәріс алып, арнайы сертификат алушылар «Парасаттылық елшілері» тақрыбында лекторлық еттті.

Одан бөлек, бірыңғай сағатта облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдары ардагерлерлері кеңесінің өкілдері Түркістан қаласы мен Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарындағы білім алушыларға дәріс оқыды. Айта кетейік, бұл игі бастама дәстүрлі түрде жыл сайын «1 қыркүйек - Білім күнінде» басталып, оқу жылының соңына дейін әр тоқсанның басында жүйелі түрде қоғам белсенділерін қатыстыра отырып өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар