Түркістан облысында «Олимпиада шыңы» спорттық эстафетасы өтті

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Олимпиада шыңы» спорттық эстафетасы өтті.

Леңгір қаласының орталық «Жастық» стадионында өткен жарыста жасөспірімдер баскетбол, футбол, волейбол спорт түрлерінен өзара сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған эстафета жастардың бойына «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Прагматизм», «Бәсекеге қабілеттілік» басымдығын сіңіру мен пайдалы істермен айналысу, өзін-өзі жетілдіру, уақытты тиімді пайдалануға үйрету және баулу мақсатында өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатына Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева мен Ленгір қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғ.Ордабаев арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жасөспірімдерге демеушілер есебінен алынған аяғын мықтауға, жүгіруге арналған тренажер құрылғысы, күрес матрастары, арнайы спорттық киімдер, татами, жаттығуға арналған құрал жабдықтар сыйға тартылды. «Жастар жылына» орай ұйымдастырылған жарыс нәтижесінде футболдан 1-орынды Киелітас командасы иеленді. Ал, 2-орынға Ленгір , 3-орынға Көксәйек командалары қол жеткізді.

Волейболдан жүлделі орындарды Леңгір қаласының үш командасы өзара бөлісті. Баскетбол ойынынан да аталған командалар мықтылығын көрсетті. Іс-шара соңында «Олимпиада шыңы» атты эстафета кубогы Төлеби ауданынан Қазығұрт ауданына табысталды.

Соңғы жаңалықтар