+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Түркістан облысында облыстық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды

2021 жылғы 24 қаңтар 00:45
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында облыстық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды. Әсіресе Ордабасы ауданы аумағындағы «Түркістан-Шымкент» тас жолының айналма жолы жабылып, көлік кептелісі туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды Қазақстанда 10 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды СҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ордабасы АПБ жеке құрамының күшімен жолдарды тазарту және жолда қалып қойған автокөліктер мен адамдарға көмек көрсету жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда автокөліктің барлық түрлері үшін А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» Республикалық маңызы бар а/ж 654 шақырымында, Түлкібас ауданының Машат ауылы тұсында жол жабылған.

Сондай-ақ, облыстық маңызы бар ШҚ-56 «Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» а/ж 44-124 шақырымындағы учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылған.

Бәйдібек ауданындағы ШҚ - 1, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды және Ордабасы ауданы Шұбар ауданындағы М-32, Самара-Шымкент тас жолдарында қозғалыс шектелген.

Бұған дейін Созақ ауданында баратын облыстық маңызы бар ШҚ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді»а/ж 576-623 км учаскесінде қозғалыс жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Өңірдің полицейлері тәулік бойы кезешілік ұйымдастырып, жолда қалған көліктер мен жолаушыларға қол ұшын созуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT