+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Түркістан облысында ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд астам теңгені жымқырған

2021 жылғы 26 қараша 15:12
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд астам теңгені жымқырған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қашықтықтан оқыту үшін ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд астам теңгені жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының ІІІ форумы өтуде Пара алған: ШҚО-да аудан әкімінің бұрынғы орынбасары түрмеге қамалды Шымкентте екі қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген

«Пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту әлемнің барлық елдерінде де білім беру процесінің негізгі әдісіне айналды.

Қазақстанда білім беру ұйымдарына мектеп оқушылары үшін 220 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынды.

Агенттік бюджет қаражаты жымқырылған мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде бұзушылық деректерін анықтады.

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті «МТ-Сервис» ЖШС басшысына және облыс әкімдігінің Адам әлеуетін дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларын қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде», деп хабарлады Агенттіктің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, мемлекет «2020-2025 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылымды дамытудың» бағдарламасы аясында коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін ноутбуктер сатып алуға ақшалай қаражат бөлді.

«МТ-Сервис» ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігінің «Адам әлеуетін дамыту басқармасы» ММ-мен 3,4 млрд.теңгеден астам сомаға 21 мың дана ноутбук жеткізуге шарт жасасты.

Алайда, 2,5 млрд теңгеден астам сомаға жеткізілген тауарлар Тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеген.

Қазіргі уақытта кәсіпорын директоры ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды және оған қатысты тергеу соты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын қолданды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT