+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Түркістан облысында нотариаттық құжаттар электронды нұсқада рәсімделеді

2021 жылғы 31 мамыр 20:50
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында нотариаттық құжаттар электронды нұсқада рәсімделеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 1 шілдеден бастап нотариаттық құжаттар электронды нұсқада рәсімделеді. Нәтижесінде нотариаттық істі жүргізу процесі жеңілдеп, азаматтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді және құжаттардың бұрмалануына жол берілмейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада қылмыстық істердің 70% астамы электронды форматта қаралып жатыр Мемлекеттік қызметтер уақыты 5 минутқа дейін қысқартылады - Бағдат Мусин 2022 жылдан бастап 1 сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі

Облыстық Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараевтың айтуынша, нотариустарға мұрагерлік істің ашылғаны және өсиеттердің есепке алынғаны туралы мәліметтерді рәсімдеуде бірқатар міндеттемелер жүктеліп отыр.

«Бұл жаңашылдықтың тағы бір ерекшелігі - азаматтар өздері тұрып жатқан елді мекенде отырып, электронды-цифрлық қолтаңбаның көмегімен республиканың басқа жеріндегі жылжымайтын мүлкін рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады. Жаңаша жүйеге сәйкес, әрбір нотариаттық құжатқа автоматты түрде бірегей QR-код берілетін болады», - деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, жиын барысында департамент басшысы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласына енгізілген өзгерістер де тоқталды.

«Алдағы уақытта жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болады. Бұған дейін азаматтар өзінің тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ескі үйінің орнына жаңасын салып, объектіні бұзу туралы құжатқа қол жеткізе алмай жататын. Нәтижесінде қайта салынған үйдің құжатын заңдастыру қиындық тудырып келді. Ендігі жерде жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы мәліметтер уақтылы жаңарып, тұлғалардың салықты дер кезінде, нақты нысан үшін төлеп тұруына жол ашылады», – деді М.Тұрғараев.

Айта кетейік, өткен жылы Әділет департаменті мемлекеттік қызметтің 13 түрі бойынша 1 130 қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардан 2169 өтініш пен арыз-шағым түскен.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT