Түркістан облысында мың шақырымға жуық жол жөнделеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен қаржы қаралып, нәтижесінде 974,2 шақырым жол мен көшелер немесе 69 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Оның 653,2 шақырымы немесе 49 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекзат Тілегенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекзат Тілегеновтың айтуынша, өңірде автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 147 шақырымды құрайды. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 70,7 пайыз болып белгіленгенсе, меже 71,2 пайызға асыра орындалды. Аталған көрсеткішті биылғы жылы 74,1 пайызға жеткізу жоспарлануда.

«Өткен жылы 956,6 шақырым жол мен көшелер немесе 73 нысанға (7 көпір) құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның 52 нысаны немесе 521,9 шақырымы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, өңірде жол жамылғысының негізіне «Soil Grip» химиялық тұрақтандырғышын пайдаланып, негізгі қабатты арнайы техникамен өңдеу технологиясы бойынша 2018 жылы жалпы - 217,9 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп, оның 93,9 шақырымы пайдалануға берілсе, қалған 124 шақырым жол пайдалануға ағымдағы жылы беріледі»,- дейді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, облыс аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір орналасқан. Өткен жылы 7 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, жыл қорытындысымен барлық көпірлер пайдалануға тапсырылған. Сондай-ақ, бүгінгі таңда, 28 көпір жөндеуді қажет етеді. Өткелдердің 9-на жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, ағымдағы жылы 5 көпір пайдалануға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар