+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға сый-сияпат жасалды

2019 жылғы 12 қазан 14:26
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға сый-сияпат жасалды

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Жетісай ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды. Мүгедектер күні қарсаңында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы аудандағы бірнеше елді мекенде аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мүгедектерге арналған «Тең жол» автомектебі үздік жоба атанды Біржан Нұрымбетов мүгедектерді оңалту жүйесіне енетін жаңашылдықтарды атады Біржан Нұрымбетов: Кез келген құрылысты бастарда мүгедектерге жайлы болуын ескеру керек

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету және олардың проблемаларына назар аудару мақсатында өткен шара алдымен, аудан орталығы Жетісай қаласында кең көлемде ұйымдастырылды. Оған шаһар басшылығы, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов және БАҚ өкілдері қатысты.

Асықата кенті әкімдігінің ғимаратында өткен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты басқосуда мерекелік концерт ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан сый-сияпаттар жасалды. Аудан әкімінің атынан іс-шараға атсалысып, жомарттық танытқан азаматтарға алғыс хаттар тапсырылды.


Дәл осындай іс-шара «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт« ұясы» күндіз болу орталығы« коммуналдық мекемесінің ғимаратында да өтті. Мұнда үйымдастырушылар тарапынан ем алып жатқан балаларға мерекелік бағдарлама ұсынылып, тарту-таралғылар жасалды.

«Ауданымызда мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» және «Балдәурен» күндізгі қатынау бөлімшелерінде 60 бала есепте тұрып, оңалту емдік шараларын алуда. 2018-2019 жылдар аралығында «Үміт ұясы» және «Балдәурен» күндізгі қатынау бөлімшелерінде 121 бала есепке алынып, денсаулықтарын сауықтыруда. Емдік шаралардың барлық түрлерімен қамтылып жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Жетісай ауданы бойынша жалпы 7813 мүгедек жандар бар болса, оның ішінде I-топ 527, II-топ - 2893, III-топ-3141 адам, 18-жасқа дейінгі 1252 мүгедек балалар бар»,- дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT