+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Түркістан облысында мұқтаж отбасыларға АӘК төлеуге 63 млрд теңге жұмсалған - вице-премьер

2019 жылғы 26 қазан 15:58
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында мұқтаж отбасыларға АӘК төлеуге 63 млрд теңге жұмсалған - вице-премьер

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Түркістан облысына келген жұмысшы топ өңір жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтату, заңсыз алу және шара қолдану  - министрлік өкілі жауап берді Келесте 226 тұрғынға 5 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді Атырау облысында 38 мыңнан астам адам АӘК алып отыр

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған топ мүшелері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен басқарма басшылары, ардагерлер мен көпбалалы отбасылар, зиялы қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласының қызметкерлері мен жастар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері бас қосқан жиында Жолдаудың басым бағыттары мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асу барысын баяндап өтті.


Кездесуде бірінші болып сөз алған Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған формасы мен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі, білім беру, құқық қорғау салаларындағы реформалар туралы баяндады.

«Халық денсаулығы туралы» Кодекстің жобасы Парламенттің қарауына енгізілген. Оған сәйкес 2020 жылдан бастап МӘМС жүйесі жұмыс істей бастайды. Қазіргі қолданыстағы жүйе бойынша тегін көрсетілетін қызметтер сол қалпы сақталып қалады. Сақтандыру жүйесі қосымша қызметтерді қамтиды. Жаңа жүйе бойынша халықты дәрі-дәрмекпен қамту, медициналық оңалту қызметтері жетіле түседі. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін барлық елді мекендерде ең кемінде медициналық бекет немесе емхана болуы тиіс деген мақсат бар. Мұнан бөлек, апатты жағдайдағы барлық медициналық мекемелер жөнделеді әрі олардың материалдық-техникалық базасы халықаралық талаптарға сәйкестендіріледі», - деді вице-премьер.


Бердібек Мәшбекұлының айтуынша, 2019 жылы бір ғана Түркістан облысында мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беруге 63 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік пакеттің тағайындалуына орай келер жылдан бастап бұл сомма еселеп артпақ.

Сондай-ақ, Президент Жолдауында дарынды балаларды қолдаудың Жол картасын әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай Үкімет «Ел үміті» атты жоба жасап шықты. Жоба аясында келер жылдан бастап Қазақстан бойынша ең дарынды 1 000 бала іріктеліп, толықтай мемлекет қамқорлығына алынбақ.



Кездесуде тұрғындар өздерін мазалаған мәселелерге байланысты ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды.

Мұнан кейін Бердібек Сапарбаев бастаған үкімет мүшелері өңірдің ардагерлерімен кездесті. Келелі басқосуда ел ағалары халықты толғандыратын мәселелерді айтып, көкейде жүрген ойларын жеткізді. Оңтүстік өңірінде атқарылып жатқан ауқымды тірліктерге ризашылықтарын білдіріп, Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың қойған мақсаттар мен мiндеттер орындалып жатқанын атап өтті.


Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бұл тұста Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеевтің атқарып жатқан еңбегіне оң бағасын берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT