Түркістан облысында мұғалімдер портал арқылы жұмысқа қабылдануда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіліп, қала-аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қойылатын жауапкершілік күйшейтілді. Себебі атқарылған жұмыстарға қарамастан әсіресе, білім саласында жемқорлық деректері жиі кездесіп жатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықованың айтуынша, өңірде коррупцияның алдын алу үшін басқарма тарапынан бірқатар қызметтерді цифрландыру шаралары қолға алынған. Мәселен, мектепке дейінгі білім беру ұяларына жолдама беру және кезекке қою автоматтандырылып, 12 мыңнан астам бала балабақшаға орналасқан.

Яғни, адами фактор азайып, өтініштер электронды түрде реттелген. 902 орта мектеп mektep.sitcen.kz жүйесіне қосылып, оқушылар осы арқылы мектепке қабылданып жатыр. Бүгінде 53031 оқушы электронды түрде 1-сыныпқа қабылданған. Сонымен қатар, 902 білім ұясында jumys.sitсen.kz жүйесі енгізілген.  Қазіргі таңда аталған жүйеде 1571 педагог пен техникалық қызметкердің бос жұмыс орындары туралы хабарлама жарияланған. Енді ұстаздарға директорға немесе басқаларға жолықпай, жұмысқа орналасу жүргізілуде.
null 

«Қазіргі таңда jumys.sitcen.kz порталы арқылы 837 адам жұмысқа орналасқан. Жүйеге жалпы жұмыс іздеушілер тарапынан қызығушылық танытып, бүгінгі күні 62 778 қолданушы тіркеліп отыр. Сондай-ақ, 4632 жұмысқа қабылдау туралы өтініш келіп түскен. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарына қабылдау mektep.sitcen.kz порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған жүйеде мектепке қабылдау конкурсын өткізу толық автоматтандырылған», - деді Ардақ Мәдіханқызы

Ал, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды мектеп директорының құзіретінен алып тастап, аутсорсингке өткізу ұсынысы қарастырылуда.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдап бастап күні бүгінге дейін 594 000 сабақ қаралымы болды. Облыстық бюджеттен цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында 1500 дана «Bilim Book» компьютер-планшет шалғай ауылдағы 195 мектепке таратылып, цифрлық білім беру ресурстарына интернетсіз қол жеткізуде. Алдағы жылы Түркістан облысының білім саласында педагогтардың аттестациясын және олардың білім жетілдіру курстарынан өтуін автоматтандыру, білім ұйымдарындағы кітап қорын пайдалануды және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын автоматтандыру жүйелері жүзеге асады деп жоспарлануда. Мамандардың пікірінше, аталған жоба білім саласындағы сыбайластық заң бұзушылықты тоқтататуға үлкен серпін береді. 

null null 

Соңғы жаңалықтар