+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Түркістан облысында мемқызметтің сапасы туралы айтылды

2019 жылғы 8 қараша 03:44
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында мемқызметтің сапасы туралы айтылды

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Болат Исақов жұмыс сапарымен келіп, бірнеше нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Д епартамент басшысы «Халықты жұмыспен қамту орталығына» барып, азаматтарға ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жайын сөз етті. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» арқылы өз ісін ашқан отбасылардың нәтижелі жұмыстарымен танысты. Шаян ауылдық округі әкімі аппаратында кадр қызметі бойынша «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі мен «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймағының жұмыстарын аралап көрді.

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аудандық бөлімінің жұмысымен және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі іс-шарасына қатысты.

Ауданда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын көріп шықты.

Болат Исақов бұдан бөлек, аудан әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілермен кездесу жиынын өткізді. Мәжілісте департамент басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған алғашқы Жолдауы аясында атқарылатын жұмыстар мен Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанды дамудың жаңа сатысына қарай бағыттаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда мемлекеттік қызмет саннан – сапаға қарай кәсібилендірілу керек екендігін атап өтті. Облыс көлеміндегі департаменттің 9 айда атқарған жұмыстарын баяндап, бірқатар тапсырмалар берді.

Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының Әдеп жөнінде уәкілі Бағдат Жанғазиевтің 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы ауданы әкімі аппараты ғимаратында бірқатар мемлекеттік қызметшілерді жеке мәселелермен қабылдады.

Кездесуде жергілікті тұрғындар бірқатар ұсыныс пікірлерімен және сұрақтарымен кірген мемлекеттік қызметшілерге заң аясында жауаптар берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT