+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістан облысында мемқызметке орналасу конкурсын өткізу мерзімі 30%-ға қысқарған

2020 жылғы 29 шілде 22:44
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында мемқызметке орналасу конкурсын өткізу мерзімі 30%-ға қысқарған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктіріліп, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс өткізу мерзімі 30%-ға қысқартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Бұған дейін өңірдегі мемлекеттік органдар конкурстардың үш түрін жүйелі түрде өткізіп келген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілмановтың сөзінше, жаңа бастама бос орындарды уақытты үнемді пайдалану арқылы жылдам түрде толтыруға өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жалпы конкурстарға қатысу тәртібі де жеңілдетілген.

«Қазіргі таңда Түркістан облысында 6583 мемлекеттік қызметші жұмыс істесе, бос лауазымдар саны 440-ы құрайды. Мемлекеттік қызметшілер енді жалпы конкурстарға жалпы негізде емес, ішкі конкурсқа ұқсас жеңілдетілген тәртіп бойынша қатысады. Бұл ретте, конкурссыз тағайындалатын мемлекеттік органның бірінші басшыларының көмекшілері, кеңесшілері, баспасөз хатшылары тестілеуден жəне жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда осы лауазымға орналасқаннан кейін бір жыл өткен соң ғана ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі», - деді Айбек Ақбергенұлы.

Департамент басшысы ауылдық округтердің әкімдеріне өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде кез-келген «Б» корпусы лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналасу құқығы берілгендігін де атап өтті.

Оның айтуынша, «А» корпусының кадр резервін қалыптастыру және оған іріктеу тәртіптері алынып тасталған.

«Ауылдық округтердің әкімдері аппараттарында жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында оларды «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізу көзделуде. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен елімізде алғаш рет өткізілген «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталған. Өңірлік комиссия тарапынан ең көп балл жинап, өзгелерден озық шыққан 1 кезеңнің жеңімпазы болып Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі – Бахтияров Нұрлыбек Пердебекұлы анықталған болатын», - деді департамент басшысы.

Әдеп нормаларын бұзу дерегі бойынша ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тәртіптік істер 50%-ға азайған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапқа тартылу дейгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға кеміген. Бұдан бөлек, департамент ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 17 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 208 заңбұзушылық анықталған. Оның басым бөлігі жер қатынастары (73%), халықты әлеуметтік қорғау (12%), сәулет және құрылыс –(3%), білім (3%) салаларында болған. Бұл ретте, департамент ұсынысымен заңбұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдардың 10 қызметкері түрлі тәртіптік жауапқа тартылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT