Түркістан облысында мектепті жылытпақ болып, уланған жұмысшы есін жиды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мектепті сұйық отынмен жылытпақ болып, уланып қалған жұмысшы есін жиды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова ҚазАқпарат тілшісіне хабарлады.

Мира Сүлейменованың сөзінше, Шардара ауданындық ауруханасына ауыр халде жеткізілген жұмысшы өзіне келіп, сөйлей бастаған.

«1993 жылы туған науқас мұнай өнімдерінен токсикологиялық уланудың ауыр түрімен және бас миының токсикологиялық ісінуі диагнозымен келіп түскен болатын. Аспирациялық ауру белгісімен жатқызылған тұрғынның жағдайы өте ауыр еді. Сондықтан ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазіргі таңда науқас есін жиып, жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлердің дер кезінде ем көрсетуінің нәтижесінде ол сөйлей бастады»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, өткен аптада Түркістан облысында мектепті сұйық отынмен жылытпақ болған екі жұмысшы уланып қалған болатын. Олардың бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілсе, екіншісі оқиға орнында қайтыс болған. Шардара аудандық ауруханасының дәрігерлері жанар-жағармай бекетінің жұмысшысының жағдайын ауыр деп бағалаған болатын.

Соңғы жаңалықтар