Түркістан облысында мектептерде арақашықтық сақтау міндетті емес

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында коронавирусқа қатысты эпидахуал тұрақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда ашық алаңдарда бетперде режимі тұрғындардан талап етілмейді.

Дегенмен ғимарат ішінде бетпердені тағу міндеті әлі өз күшінде. Бұл туралы облыстың бас санитария дәрігері Нұрбек Нышанов хабарлады.

Нұрбек Садықбекұлының айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беретін шектеу талабы өз күшін жойған.

Ал вахталық режимде жұмыс істейтін азаматтар үшін ПТР тестілеу алынбайды.

Эпидемиологиялық жағдайы «жасыл» және «сары» аймақтарда білім беру ұйымдарында әлеуметтік арақашықтық, термометрден өту керектігі туралы талаптар күшін жойды.

Түркістан облысында эпидахуал тұрақты. Коронавирус инфекциясының тіркелуі алдыңғы екі аптамен салыстырғанда 69,6 % төмендеген.

Сондай-ақ, бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей мереке күндерінен соң эпидемиологиялық жағдай нашарлайды.

Сондықтан облыстың бас санитария дәрігері тұрғындарды карантин режимі мен санитариялық талаптарды сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар