Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы басталды
Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова айтты.
2019-2020 оқу жылында көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл шілде айынан басталып отыр. Акция қыркүйек айының соңында аяқталады.
«Акцияның мақсаты – аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету. Өткен 2018-2019 оқу жылында акция барысында облыс бойынша 25509 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жалпы 201 млн. 456 мың 101 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Соның ішінде 3807 балаға бюджет қаражаты есебінен – 483 251 теңгеге, қалған 21702 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен – 200 млн. 972 мың 850 теңгеге материалдық көмек көрсетілген», – деді А. Садықова.
Айта кетейк, Акцияны жоғары деңгейде өткізу мақсатында іс-шара жоспары түзіліп, жүйелі жұмыстар атқарылады.