Түркістан облысында мектеп құрылысына жауапты шенеунік парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің Құрылыс бөлімінің басшысы пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Оған құрылыс компаниясы өкілінен 12 млн теңге пара алды деген күдік тағылды.

«Түркістан облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес органдары Сайрам ауданы әкімдігінің Құрылыс бөлімі басшысының қылмыстық әрекетін әшкереледі. Күдікті Сайрам ауданы Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусының құрылысына жалпы сомасы 400,5 млн теңге болатын мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағаны үшін делдалдар арқылы бөліп-бөліп қаржы алып отырған», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Күдікті қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынған.

Агенттіктің хабарлауынша, жемқорлықты жүзеге асырған делдалдарға да қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүруде.

Соңғы жаңалықтар