+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Түркістан облысында мектеп кітапханалары жаңартылады

2021 жылғы 28 қыркүйек 06:33
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында мектеп кітапханалары жаңартылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы 108 мектеп кітапханасы жаңартылады. Бұл, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы полициясы қаладағы барлық мектептің қауіпсіздігін тексерді Сабақ кезінде шіркейді улау жүргізілген: Ақтөбеде мектеп директоры жазаланды Түтін тараған: Ақтөбеде сабақ барысында шіркейлерді улау жүргізілген

Мәселен, Түлкібас ауданына қарасты 42 білім беру мекемесінің кітапханалары модернизациялауға еніп отыр. Бұл жобаға сәйкес, қызметтердің сапалы жаңа жүйесі құрылмақ. Кітапханаларды білім алу, коммуникация және бос уақытты өткізу үшін көпфункционалды орталықтарға айналдыру қолға алынбақ.

Жаңғыртудан кейін жаңа кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, оқушылар сонымен қатар өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыратын болады. Оқушылардың демалып, жүздесетін орынға айналады.

Сонымен бірге, қолға алынған жұмыстар кітапхана ісін жаңғыртуға, жаңалықтарды игеруге, кітапханашылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Осы мақсатта Түлкібас аудандық білім бөлімі «100 кітап» жобасына еніп, қазақ тіліне аударылған 26 атаумен 2100 дана көркем әдебиеттер және балалар әдебиеттерімен толықтырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT