Түркістан облысында медициналық нысандар салынады

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 4,3 пайызға төмендеп, ана өлімінің көрсеткіші 35,9 пайызға азайды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру бойынша қала, аудан орталықтарындағы медициналық мекемелер 100 пайыз интернетпен қамтылған. Ауылдық округтерді интернетпен 2021 жылға қарай толығымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

«Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен 5728 компьютер сатып алынды. Бүгінгі күнге 5728 компьютер жеткізіліп, қамтамасыз ету көрсеткіші 64 пайыздан 100 пайызға жеткізілді. Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша 1 909 744, яғни 100 пайыз электрондық денсаулық паспорт жасақталды. 19 220 медицина қызметкері медициналық ақпараттық жүйеге оқытылды. Қазіргі таңда 441 717 адам мобильдік қосымша пайдаланады. Нәтижесінде электрондық жүйенің көмегімен 2 млн-ға жуық азамат дәрігердің қабылдауында болған, 1 млн 783 мың адам басқа да медициналық көмектерге жүгінді. 64 258 пациентке еңбекке жарамсыздық парағы электрондық нұсқада берілді. Одан бөлек, аудандық, қалалық емханаларда 20 цифрлық көмек посты ашылып, онда 558 мыңнан аса маман оқытылды», - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, өңірде өткен жылы медициналық ұйымдардың материалдық - техникалық жабдықталуына 8,1 млрд теңге бөлініп, 65,75 пайызды құрады. Стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде триаж жүйесі орнатылып, жедел медициналық көмек қызметінде «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Барлық машиналар GPS навигациямен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, алдағы уақытта Түркістан қалалық емханасын, 610 төсек орынға арналған облыстық көпсалалы аурухананы, туберкулезге қарсы және онкологиялық орталықтарды салу жоспарлануда. Сондай-ақ облыстық жедел жәрдем стансысын жаңғырту көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар