Түркістан облысында мәслихат депутаттығына 320 мандат берілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сайлау қорытындысы бойынша Түркістан облысында мәслихат депутаттығына 320 мандат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ол 320 мандаттың 45-і облыстық мәслихатқа бөлінген. Ал, қалалық мәслихатқа - 47, аудандық мәслихатқа - 228 кандидат барады. Саяси партиялар арасында «Қазақстан Халық» партиясына – 1, «Nur Otan» партиясына – 263, «Ауыл» партиясына - 32, «Ақ жол» партиясына - 24 мандат бөлінді», деп мәәлім етті Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев арнайы брифингте.
«13 қаңтар күні - дауыс беру қорытындысымен мандатқа ие болған саяси партиялар - депутаттыққа кандидаттардың тізімдерін облыстық сайлау комиссиясына ұсынады. Ал 14 қаңтарда - саяси партиялардың ұсынған тізімдерін комиссияның отырысында тіркеу жөнінде хаттамалық шешім қабылданады. 15 қаңтар күні сағат 10:00-де облыстық мәслихаттың 7-шақырылымындағы алғашқы бірінші сессиясы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының басқаруымен ашылатын болады. Сондай-ақ, жаңадан сайланған мәслихат депутаттары таныстырылып, оларға депутаттық куәліктер мен төсбелгілер табыс етіледі», - деді Әлібек Қаденұлы.
Айта кетерлігі, Түркістан облысында 911 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 160 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Жалпы 763 454 азамат өз таңдауларын жасаған.
- Павлодар облысында 162 жылыту пункті дайындалды
- Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды
- Коронавирус бойынша әлем елдеріндегі ахуал
- Телефонын алып қойған: ШҚО-да анасына өкпелеген бала үйінен қашып кетті
-
Шетелден ұшып келген тағы 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
-
Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты аурухана-изолятор салына бастады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам