Түркістан облысында мас болып көлік айдаған ер адам ұсталды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазығұрт АПБ-ның патрульдік полиция тобының қызметкерлері түнгі уақытта көшелердің бірінен күдік тудырған «Ваз 2121» Нива маркалы автокөлігін байқады. Содан тәртіп сақшылары көліктің алдына шыға отырып, оны тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мас халде болғанын анықтады. Сонымен қатар оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес ер адам көлікті мас халде басқарғаны белгілі болды.

«Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-тің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдарды полицейлер заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді», - деп жазды облыстық полиция департаментінен.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар