Түркістан облысында МӘМС қоры арқылы стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында МӘМС қоры арқылы стоматологиялық көмек ақысыз көрсетілетін болды.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұршат Айтымбетова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, өңірде 22 - мемлекеттік және 40 - жеке клиника стоматологиялық қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері 117 731 стоматологиялық ем жасап, ол қызметтері үшін қор тарапынан 431 млн теңге төленген. Жалпы МӘМС жүйесінде жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі. Олар мұндай қызметтерді жоспарлы түрде ала алады. Көрсетілетін қывзметтердің қатарында анестезия, пломба салу, терапиялық қабылдау, пульпитті, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық формасын толық функционалды қалпына келтіру бар. Сондай-ақ, тісті жұлудың хирургиялық әдістері, еріннің, тілдің френальды бөлігіне пластикалық хирургия, жақ рентгені және анестезия да қарастырылған. Тегін әрі шұғыл стоматологиялық көмекті сондай-ақ, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен I, II, III топтағы мүгедектер, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедек балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға шұғыл жағдайларда хирургиялық қабылдау, тұрақты тісті жұлу, абсцесті ашу, одонтогенді кистаны кетіру, альвеолитті емдеу, луночка жүйкесінің невритін емдеу, ауыз қуысының жұмсақ тіндерін кесу, жақ-бет аймағының жарасын бастапқы хирургиялық өңдеу сияқты қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балалар мемлекеттік тапсырыс есебінен ортодонтиялық көмек ала алады.


Соңғы жаңалықтар