Түркістан облысында мал бордақылайтын бірнеше алаң іске қосылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы шаруа қожалығы 3 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған бірнеше алаңды ашуды жоспарлап отыр. Кәсіпкер бұл жоспарын екі кезеңде іске асырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында ел экономикасының өсімінің драйвері ауыл шаруашылығы екенін айтып, оның ішінде етті мал шаруашылығының рөліне ерекше тоқталған болатын. Осы ретте Шұқырбұлақ елді мекеніндегі «Адал» шаруа қожалығы жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал етін өңдемек. Атап айтқанда, 1500 басқа арналған алаң биыл іске қосылса, 2019 жылы қосымша 1500 басқа арналған алаң құрылысын жүргізу межеленген. Ал, жобаның жалпы құны 900 млн теңгені құрайды.

Аталған жоба толығымен іске қосылған жағдайда 30 адамға жұмыс орны ашылады. Бұдан өзге, аудандағы мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін диқандардың өнімдеріне сұраныс арта түспек. Қазіргі таңда таулы ауданның аумағында осындай 268 алаңшада 2200-ден астам жылқы мен 2 мыңдай ірі қара мал бордақылануда.  

Соңғы жаңалықтар